КӨПШІЛІК ОФЕРТА

БЕКІТЕМІН:
«Қазақтелеком» АҚ филиалы -
Ақпараттық жүйелер дирекциясының
Бас директоры __________________________А. Дунбаев
«___»_______ 2016 жылғы №___ бұйрық


КӨПШІЛІК ОФЕРТА

«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы 25.02.2016 жылғы №51 Бас сенімхат негізінде әрекет ететін «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақпараттық жүйелер дирекциясының Бас директоры А.Дунбаев тарапынан бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын кез-келген заңды немесе жеке тұлғаға Интернет желісінде инфотелекоммуникациялық қызметтерді (одан әрі - Қызметтер) ұсынады. Бұдан әрі Орындаушы мен Тапсырыс беруші бірге аталғанда «Тараптар», ал жеке аталғанда «Тарап» деп аталады.

Терминдер мен анықтамалар:

1.1. Веб сайт – Интернет желісінде http://www.idhost.kz адресі бойынша орналасқан Орындаушының ресми сайты.

1.2. Басқару мәзірі – Интернет желісінде http://www.сp.idhost.kz адресі бойынша орналасқан және Тапсырыс берушіге ұсынылатын қызметтерге, Тапсырыс берушіге көрсетілетін Қызметтер туралы, Тапсырыс беруші қолданатын Қызметтерге тарифтер мен тарифтік жоспарлар туралы, оның Дербес шотының жағдайы туралы қашықтан тапсырыс беру, Қызметтерді басқару, өзгерту және өшіру және т.б. ақпаратқа тәулік бойы қатынау мақсатында Орындаушының (веб-интерфейс) есептік жүйесі.

1.3. Дербес шот – Орындаушының жүйесінде Тапсырыс беруші тұтынатын қызметтердің төлемі туралы есеп деректері.

1.4. Жазылым – Орындаушының анықталған тарифтік жоспары шегінде Тапсырыс берушімен расталған қызмет/қызметтер тобына тапсырыс. Тапсырыс беруші бір немесе бірнеше жазылымға ие бола алады.

1.5. Жұмыс күні – Қазақстан Республикасының аумағында ағымдағы жылы 5 күндік жұмыс аптасы болып ресми түрде саналатын күнді білдіреді.

2. Шарттың мәні:

2.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарттың талаптары мен оның Қосымшаларында ескерілген көлемде және шарттарда инфотелекоммуникациялық қызметтерді ұсынады (бұдан әрі - «Қызметтер»), ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарында қарастырылған және тарифтері веб-сайтта баяндалған мерзімде көрсетілген Қызметтерді төлеуге міндеттенеді.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері:

3.1. Орындаушы:

3.1.1. Тапсырыс берушіге осы Шарттың және оның Қосымшаларының талаптарына сәйкес Қызметтерді көрсетуге;

3.1.2. Көрсетілетін Қызметтердің санына есеп жүргізуге және сапасын бақылау, Қызметтерді ұсынуда бұзылымдардың алдын алу және жою бойынша алдын ала шаралар қабылдауға;

3.1.3. Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Орындаушының актілерінде белгіленген тәртіпте Қызмет тарифтерінің өзгеруі туралы, сондай-ақ Қызмет көрсету талаптарының өзгеруі туралы Тапсырыс берушіге хабарлауға;

3.1.4. Тапсырыс берушінің Қызметтерді төлеуге түскен және шығынға жазылған қаражаттарын уақытылы көрсететін Дербес шотын жүргізуге;

3.1.5. Тапсырыс берушіні тіркеу кезінде одан алынған ақпараттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, электрондық почтаның жеке хабарламалар мазмұнының құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.

3.2. Орындаушы құқылы:

3.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына, басқа нормативтік құжаттар мен байланыс саласындағы техникалық талаптарға сәйкес Тапсырыс беруші сақтауға міндетті техникалық талаптарды орнатуға;

3.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Шарттың талаптарында белгіленген тәртіпте Қызметтерге тарифтерді, талаптарды, төлем мерзімін, тізбесін, түрлерін және құрамын бір жақты тәртіпте өзгертуге;

3.2.3. Көрсетілген қызметтер үшін уақытында және толық көлемде төлем жүргізуді талап етуге;

3.2.4. Клиенттің Қызметке қатынауы тоқтатылған сәтінен бастап, Клиентке алдағы уақытта Шарттың бұзылатыны туралы хабарлама жіберіп және 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін Шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы. Шарттың бұзылуы Клиентті қарыз сомасын төлеуден және Қызметті өшірген сәттен бастап, Шартты бұзған күнге дейін туындаған айыппұл санкцияларынан босатпайды;

3.2.5. Тапсырыс берушінің талаптары Орындаушының техникалық мүмкіндіктерінің шегінен шыққан жағдайда, Тапсырыс берушіге Қызмет көрсетуден бас тартуға;

3.2.6. Тапсырыс беруші беретін ақпараттың толықтығына, өзектілігі мен дұрыстығына сенім артуға;

3.2.7. Тапсырыс берушіге осы Шарттың 3.3.3. т. бұзған жағдайда Қызметтерді ұсынудан бас тартуға, сондай-ақ Тапсырыс берушінің бұзушылықты жойған сәтке дейін Қызметтерді ұсыну үрдісінде жоғарыда көрсетілген Шарттың тармағын Тапсырыс берушінің бұзғанын анықтаған жағдайда Қызметтерді ұсынуды тез арада тоқтатуға; Тапсырыс беруші Қызметтерді ұсынуды тоқтатқан сәттен бастап, 10 (он) күнтізбелік күн ішінде бұзушылықты жоймаған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушінің барлық ақпаратын, сондай-ақ оның есептік жазбасын жоюға құқылы.

3.2.8. Орындаушының басқа құқықтары осы Шартта көрсетілген.

3.3. Тапсырыс беруші:

3.3.1. Қызметтерді пайдаланған кезде белгіленген техникалық талаптарды орындауға;

3.3.2. Орындаушыға Қызметтерді пайдаланған пайда болған бұзылушылықтар туралы жедел түрде хабарлауға;

3.3.3. Орындаушыға бір айдың ішінде өзінің кеткені туралы, өзінің мәртебесінің өзгергені туралы, орналасқан жерінің, заңды мекенжайының немесе банктік деректемелерінің өзгергені туралы хабарлауға;

3.3.4. Шарт бойынша өз құқығы мен міндеттерін Орындаушының жазбаша келісімінсіз басқа тұлғаларға бермеуге;

3.3.5. Осы Шартқа сәйкес уақытында және толық көлемде Қызметтерге аванстық төлем жүргізуге;

3.3.6. Орындаушының (Басқару панелі) есеп жүйесінде өз Жеке шотының жағдайына және уақытында толтыруға өз бетінше тексеруге;

3.3.7. Осы Шарт талаптарын, Орындаушының веб сайтында жарияланған ережелерді орындауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

3.4. Тапсырыс беруші:

3.4.1. Белгілі сападағы қызметтерді алуға;

3.4.2. Заңнамамен белгіленген тәртіпте Орындаушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттеріне шағым беруге;

3.4.3. Орындаушыдан деректемелер, жұмыс режімі, көрсетілетін Қызметтер, техникалық қамтамасыз ету тәртібі туралы қажетті ақпаратты ұсынуды талап етуге;

3.4.4. Қызметті ұсынуға байланысты нақты келтірілген шығындар мен шартты бұзған сәтке дейінгі есептеулерді төлеп, ол туралы Орындаушыға жазбаша түрде 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлап, Шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы. Клиент өтініші Орындаушы тарапында тіркелген күннен бастап жұмысқа қабылданған деп есептеледі.

3.4.5. Басқару панелі арқылы шотты басып шығаруға және Қызметтерге алдын ала төлем жүргізуге құқылы.

3.4.6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарға ие.

4. Есеп айырысу тәртібі мен шарты

4.1. Қызметтер 100% алдын ала төлеу шартымен төленеді және Тапсырыс берушінің Жеке шотында дұрыс баланс болған жағдайда ғана ұсынылады. Орындаушы Тапсырыс берушінің Жеке шотында берешектер болған кезде Қызметтерді көрсетуін тоқтатуға құқылы.

4.2. Тапсырыс беруші өз бетінше веб сайтта орналастырылған төлем туралы нұсқаулыққа сәйкес Басқару панелінде шотты әзірлейді.

4.3. Тапсырыс берушіге Қызметтің бірнеше түрін ұсыну қажеттілігі туындаған жағдайда (Тапсырыс берушіде бір қолданыстағы жазба және/немесе жазбаны белсендіруге бір тапсырыстан артық тапсырыс болғанда және/немесе домендық атауларды тіркеу/тіркеуді ұзартуы болған жағдайда), Орындаушы Қызметті Тапсырыс берушіден Тарифтерге сәйкес онымен сұратылған Қызметтерге толық алдын ала төлем түскен жағдайда тапсырыстар санымен толық сәйкестікте (Тапсырыс берушінің тек оның бір бөлігін емес барлық тапсырыстарын растайды) Қызметтерді көрсетеді.

4.4. Тапсырыс берушінің Жеке шотына төлем есептелген кезде, төлем көрсетілетін Қызметтер түріне бөлінбей бір сомамен есептеледі. Егер Тапсырыс берушінің Жеке шотында барлық тапсырыстарды растау үшін жеткіліксіз сома болған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушінің Жеке шотынан Тапсырыс берушінің қандай-да бір Қызметінің пайдасына (тапсырыстарды таңдау арқылы растайды) ақшалай қаражатты есептен шығарады, немесе Қызметтерді ұсынуды тоқтатады. Орындаушы тапсырыстарды растаудың реттілігіне жауапкершілікте болмайды.

4.5. Пайдаланылған Қызметтердің көлемі тек қана Орындаушының есептілік деректерімен белгіленеді және шотты ұсыну үшін негіз болып табылады.

4.6. Орындаушы тарифтік жоспарды жапқан кезде, Тапсырыс беруші басқа тарифтік жоспарға ауысуға немесе Шартты тарифтік жоспар жабылған уақыттан бастап 7 (жеті) күн ішінде бұзуға құқы бар. Тарифтік жоспар жабылған уақыттан бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кейін Орындаушы Тапсырыс берушіні басқа тарифтік жоспарға Тапсырыс берушінің келісімінсіз ауыстыруға құқы бар.

4.7. Қызметтерді төлеу ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі (банктік аударма, E-Pay электрондық төлеу жүйесі арқылы банктік картамен, «Казкоммерцбанк» АҚ, Homebank.kz, Qiwi-кошелек, Быстрая касса, Касса24 интернет-банкинг жүйесі арқылы). Қызметтерге төлем ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі, төлемдерді жүргізген кезде алынған төлемдерді әрі қарай сәйкестендіру үшін өзінің Жеке шотының нөмірін көрсетеді. Көрсетілген деректер болмаған кезде Орындаушы қаражатты есептемеуге және Тапсырыс беруші төлемді дұрыс ресімдегенге дейін Қызметтерді көрсетуді тоқтатуға құқы бар. Қаражаттарды аудару бойынша банк шығындары (банктік комиссия) Тапсырыс берушінің есебінен төленеді.

4.8. Тапсырыс беруші төлемді кешіктірген жағдайда есептеу жазбасы және оның ақпараты кезекті төлем мерзіміне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін Орындаушы Тапсырыс берушінің барлық ақпаратын, сондай-ақ оның есептік жазбасын жоюға құқы бар.

4.9. Барлық есептеулер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңгемен есептеледі.

4.10. Шот-фактуралар Тапсырыс берушінің өкіліне Орындаушының офисінде немесе esf.gov.kz порталындағы жеке кабинетінде Тапсырыс берушінің жүктеу жолымен беріледі.

4.11. Орындаушының деректемелері Орындаушының веб-сайтында жарияланады, Тапсырыс беруші ескі деректемелер арқылы жүргізілген төлемдер үшін жеке жауапкершілікте болады.

5. Тараптар жауапкершілігі

5.1. Орындаушы Қызметтерге қатынау жүзеге асырылатын жалпы пайдаланымдағы байланыс арналарының сапасы үшін және санкция салынбаған қатынаудан (вирустық және хакерлік шабуылдар) Тапсырыс берушінің желісін қорғау үшін жауапкершілікте болмайды.

5.2. Орындаушы осы Шарт аясында оған ұсынылған ресурстардың көмегімен Тапсырыс берушімен орналастырылған ақпараттың мазмұнына бақылау жасамайды және оның растылығы мен жариялылығына жауапкершілікте болмайды.

5.3. Тапсырыс беруші Қызметтерге берілген шоттарға төлем жүргізуге толық жауапкершілікте болады және егер Тапсырыс беруші Қызметтерді үшінші тұлғаға берген жағдайда, Қызметтерді пайдалану нәтижесінде пайда болған осындай тұлғалардың талабына және шағымдары үшін жауап береді.

5.4. Тараптар тек қана нақты келтірілген зиян үшін жауапкершілікте болады. Тараптар қандай-да бір жанама зияндар, сондай-ақ алынбаған пайда үшін жауапкершілікте болмайды.

5.5. Егер міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасы және Шартқа сәйкес жауапкершілікте болады.

5.6. Тараптар өздеріне алған міндеттерін толық немесе жартылай орындалмағаны үшін, сондай-ақ егер ырық бермес күш, атап айтқанда табиғи апаттар, ереуілдер, әскери қақтығыстар, сондай-ақ Тараптар алдын ала алмаған басқа жағдайлар үшін жауапкершіліктен босатылады.

5.7. Тапсырыс беруші өз паролінің сақталуына және оны санкция салынбай пайдаланылу себебінен орын алған шығындар үшін толық жауапты. Үшінші тұлғалардың логинді және парольді ұрлатып алу және жоғалту фактісі бойынша, Тапсырыс беруші Орындаушының мекенжайына парольді өзгерту туралы өтініш беруге және сәйкесті тергеу және құқық қорғау органдарына шағым ұсынуға құқы бар.

5.8. Орындаушы бұзудан 100% қорғауға кепілдік бермейді, өйткені Қызметтерді ұсынған кезде үшінші тұлғалармен әзірленген бағдарламалық қамтаманы пайдаланады.

5.9. Тапсырыс беруші Орындаушы ұсынған Қызметтер арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін ақпаратты, порнографиялық сипаттағы материалдарды, сондай-ақ ұлтаралық/ конфессияаралық өшпенділік туғызатын ақпаратты, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын бұзуға шақыратын ақпаратты сақтауға және таратуға құқығы жоқ.

5.10. Орындаушы Тапсырыс берушімен және Тапсырыс берушінің паролін және пайдаланушының атын үшінші тұлғалармен Шарт ережелерін бұзумен байланысты кез келген міндеттемелер мен шығындар бойынша жауапкер немесе ортақ жауапкер болып табылмайды.

5.11. Шарт аясында инфотелекоммуникация қызметтерін көрсетуге қажетті дербес деректерді жинау және өңдеуге келісім

5.12. Тапсырыс беруші өзіне егер оған және/немесе Орындаушыға үшінші тұлғалардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік үкімет және басқару органдары, олардың субъектілері және жергілікті басқару органдары, сондай-ақ кез келген қоғамдық ұйымдардың осы тұлғалардың болжамды жеке және мүліктік құқықтарын бұзғаны туралы (авторлық құқықтарын), сондай-ақ Қызметтерді пайдалану нәтижесінде әдептілік нормаларын немесе көпшілік тәртіп нормалары және онымен шектелмей Тапсырыс берушімен үшінші тұлғалардың жоғарыда көрсетілген әрекеттеріне әкелетін мазмұны бар ақпаратты тарату және/немесе қабылдауды қоса алғанда қандай да бір талаптары, шағымдары, талап арыздары болған жағдайда толық жауапкершілікте болады.

5.13. Орындаушы жабдықтарда жұмыстарды жүргізуді бастағанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Тапсырыс берушілерді алдын ала Орындаушының веб сайтында және/немесе Басқару панелінде онымен көрсетілген адрестердегі электронды поштаға хабарламалар арқылы хабардар ете отырып, өз жабдықтарында регламенттік және/немесе алдын алу жұмыстарын жүргізуге қажет уақытқа Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұруға құқы бар.

Қызметтердің регламенттік жұмыстармен байланысты қол жетімсіздік болу жиынтық уақыты айына 10 (он) сағаттан аспауы қажет.

Регламенттік және/немесе алдын ала жұмыстарды жүргізу Орындаушының осы Шартпен қарастырылған өз міндеттемелерін бұзу ретінде және Қызметтерді қарастыруда үзіліс ретінде қарастырыла алмайды.

5.14. Осы Шарт талаптарымен қарастырылмаған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

6. Шарттың әрекет ету мерзімі, өзгерту және бұзу тәртіптері

6.1. Шарт осы Шартпен белгіленген тәртіпте оның талаптарын Тапсырыс берушінің (акцептің) қабылдаған уақытынан басталады және күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін әрекет етеді.

6.2. Шарттың әрекет ету мерзімі егер бірде бір Тарап жазбаша түрде күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей оны тоқтату туралы хабардар етпеген жағдайда Шарт автоматты түрде келесі жылға ұзартылады. Осы кезде Орындаушы осындай өтінішті «Байланысу ақпараты» бөлігінде Басқару панелінде (https://cp.idhost.kz) көрсетілген Тапсырыс берушінің электронды почтасы арқылы электронды түрде жолдауға құқы бар.

6.3. Шарттың әрекет ету мерзімін автоматты түрде ұзарту мерзімсіз мезгілге белгіленеді.

6.4. Орындаушы бір жақты тәртіпте осы Шарттың және Тарифтердің шартын өзгертуге құқы бар. Орындаушы өзгертулер туралы Тапсырыс берушіні Орындаушының веб сайтында және/немесе Тапсырыс берушілермен жұмыс жүргізу орындарында, және/немесе Басқару панелінде онымен көрсетілген адрестердегі электронды поштамен хабарламалар арқылы хабардар етеді. Орындаушы енгізілетін өзгертулер туралы Тапсырыс берушілерді осы өзгертулер күшіне енген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын хабардар етуге міндеттенеді.

6.5. Егер Тапсырыс беруші енгізілетін өзгерістермен келіспеген жағдайда, Орындаушыны Тапсырыс берушімен Басқару панелінде «Жеке байланыс ақпараты» бөлігінде көрсетілген электронды адрестен Орындаушының адресіне (sales@idhost.kz, support@idhost.kz) электронды почта арқылы жазбаша түрде хабардар ете отырып, осы Шартты бұзуға құқы бар. Егер Орындаушыда көрсетілген себептер бойынша Шартты бұзу туралы Тапсырыс берушінің жазбаша хабарламасы болмаған жағдайда, өзгертулер күшіне енген күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде көрсетілген өзгертулер Тапсырыс берушімен қабылданған болып есептеледі.

6.6. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Тапсырыс берушіге оның жазбаша өтініші бойынша осы Шартпен қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда, пайдаланбаған ақшалай қаражатты қайтару жүргізіледі. Осы кезде қаражатты қайтару тек ақшасыз есеп айырысу тәртібінде жүргізіледі. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша қайтарылатын қаражатты үшінші тұлғаға аудару жүргізілмейді.

7. Қолданылатын құқық

7.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және түсінік беруге жатады.

7.2. Клиенттің шығу сәтінен бір айдан астам уақыт өткен және Клиент осы факты туралы Орындаушыны ескертпеген жағдайда, соңғысы Клиентке алдын ала жазбаша ескертусіз Шартты бұзуға құқылы.

7.3. Осы Шартқа байланысты туындайтын барлық даулар мен түсінбеушіліктер, мүмкіндігінше Тараптармен келіссөздер арқылы шешіледі.

7.4. Келісімге келіссөздер арқылы қол жеткізбеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының соттарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылады.

7.5. Интернет желісін пайдалану кезінде Тапсырыс берушінің заңсыз әрекеттері нәтижесіндегі кінәсін белгілеу кезіндегі техникалық мәселелерді шешу үшін, Орындаушы өз бетінше сарапшылар ретінде құзырлы ұйымдарды тартуға құқылы. Тапсырыс берушінің кінәсі белгіленген жағдайда, ол сараптама жүргізуге кеткен шығындарды өтеуге міндетті.

7.6. Осы Шартпен реттелмеген барлық мәселелер бойынша, Тараптар ҚР қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

Қосымшалар (RAR-мұрағат)