Сұрақ-жауап

Біздің клиент болу үшін өзіңізге қажетті қызметті таңдап, «сатып алу» батырмасын басып, тіркеу нысанын толтыру қажет.
Пайдаланушы тіркеу қызметін таңдағаннан кейін өткізіледі. Алдымен сіз Тарифтік жоспарды таңдайсыз, «сатып алу» батырмасын басасыз, жазылу мерзімін таңдайсыз, доменді тіркейсіз және содан кейін тіркелу нысанына кіресіз.
Сізге кез келген шағын доменді (субдомен) таңдау қажет – бұл  3-деңгейлі тегін домен, тіркелу үшін қажет. Содан кейін басқа тіркеушіде тіркелген доменіңізді жүйеде қосуға және оны тегін доменнің орнына сіздің хостингке байланыстыруға болады (4.1 тармақты қараңыз).
Сізге ағымдағы тіркеушіге хабарласып, оларда трансферге рұқсат берілгенін білу қажет. Рұқсат берілсе, олардан Transfer-Key алу керек, ол біздің сайтта «Авторландыру кілті» деп белгіленген. Сондай-ақ трансфер барысында төменде 4.4. тармақта көрсетілген әрекеттерді жасауыңыз қажет.
Басқа тіркеушіге ауысу мақсатында ағымдағы тіркеушіңізге сіздің доменіңіз үшін трансферге тыйым салуды алу туралы ресми хат жазуыңыз қажет. Бас тартқан жағдайда, сіз 1.3 тармақты пайдалана аласыз.

Сізге тарифті ауыстыру туралы тапсырыс беру қажет. Ол үшін басты беттегі сервистік жоспарда Өзгертуді басыңыз. 

Жазылымы бар тізім ашылады, онда тарифтік жоспарды өзгертуге болады. Тізімде жазылымды таңдап, оның атауын басу қажет (мысалы KZ 1). Ашылған тізімнен қажетті тарифтік жоспарды таңдап, «Сервистік жоспарды таңдаңыз» (Choose Service Plan) батырмасын басу керек. Содан кейін жаңа терезеде қажетті жазылым кезеңін таңдап,  «Кезеңді таңдаңыз» (Select Period) батырмасын басу қажет. 

Кезеңді таңдағаннан кейін тарифтік жоспарды өзгертуге тапсырыс туралы ақпараты бар терезе ашылады. Тапсырысты орналастыру үшін «Тапсырысты қосу» (Place Order) батырмасын басу қажет. Тапсырысты орналастырғаннан кейін тапсырыстың өңделу статусын анықтау үшін Қолдау қызметіне хабарласу қажет. Бітті. Енді сізге тапсырысты төлеп,   белсендiруді күту қажет. Баланста ақша жеткілікті болса, тапсырысыңызды баланстан белсендіру үшін біздің қолдау қызметіне хабарласу керек.


Арнайы функционал жоқ. Сізге жаңа Linux VPS-ке тапсырыс беріп, ал Windows VPS-тен бас тарту қажет. Бұл ретте бас тарту барысында Windows барлық деректер жойылады. Линукске барлығын қайта жүктеу қажет болады.  

Бұл бастапқыдай idhost.kz сайты арқылы жасалады. Бірақ соңғы қадамда сіз “Сіз біздің клиент болып табыласыз” таңдайсыз, логин мен пароліңізді тересіз және тапсырыс сіздің қолданыстағы тiркеулiк жазбаңызға қосылады.

Сізге қызметтен бас тартуға тапсырыс беруіңіз қажет. Ол үшін Биллинг бөліміне кіріңіз. Одан кейін Менің жазылымдарым немесе Жазылымдар менеджменті бөлімінде жазылым жоспары атауын Басыңыз Келесі Жазылымнан бас тарту батырмасын басыңыз “Түсiнiктеме *” жолағында бас тарту себебін жазу қажет. Енді төменгі оң жақтағы Жазылымнан бас тарту батырмасын басыңыз. Бітті, тапсырыс жасалды. Қызмет лезде тоқтатылды тәртібіне ауысады. Әкімші тапсырысыңызды қарастырғаннан кейін, пайдаланбаған кезеңдегі ақша балансқа қайтарылады және қызмет болдырмау/жою статусына өтеді.

Жүйеге кіру үшін сайттың (idhost.kz) жоғарғы оң жақ бұрышындағы кіру батырмасын басу қажет. Сіз белсендіру нысанына кіресіз, онда тіркеу барысында көрсеткен логин мен Пароліңізді теру қажет.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Оларды шешуге көмектесеміз.
Бізбен хабарласыңыз